Перейти к содержимому

Қауіптің үнсіз қалмауы маңызды

29 қаралым

Отбасындағы зорлық-зомбылық – қоғам үшін ең күрделі мәселелердің бірі. Оның ерекшелігі – көп жағдайда сырт көзге байқалмай, жабық ортада орын алатынында. Сондықтан мұндай жағдайдың алдын алуда жәбірленушінің ғана емес, айналасындағы адамдардың да азаматтық ұстанымы маңызды.

Тұрмыстық жанжал кейде қарапайым түсініспеушіліктен басталғанымен, уақыт өте келе ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Сол себепті зорлық-зомбылықтың алғашқы белгілеріне немқұрайлы қарауға болмайды.

Құқық қорғау органдары мен әлеуметтік қызметтердің міндеті – жәбірленушіні қорғау ғана емес, отбасындағы жағдайды тұрақтандыруға және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізу.

Ең бастысы – зорлықты «отбасының ішкі мәселесі» деп қабылдамау. Қауіпсіз отбасы – қауіпсіз қоғамның негізі. Ал зорлық-зомбылыққа көз жұма қарау оның жалғасуына жол ашуы мүмкін.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ