Перейти к содержимому

Бір қадамның артында үлкен қауіп тұр

29 қаралым

Есірткінің заңсыз айналымы – жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне қатер төндіретін мәселе. Оның зардабы адамның денсаулығына, отбасына және әлеуметтік ортасына әсер етеді.

Бүгінде есірткі қылмысының жаңа түрлері пайда болуда. Әсіресе интернет арқылы тыйым салынған заттарды таратуға тарту – алаңдататын мәселелердің бірі. Кей жағдайда жастар оңай ақша табу мақсатында өз әрекетінің заңсыз екенін толық түсінбей, қылмыстық іске араласуы мүмкін.

Сондықтан алдын алу жұмыстары тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Отбасы, мектеп, жоғары оқу орындары және қоғам бірлесіп, жастарға дұрыс бағыт көрсетуі қажет.

Жасөспірімдер мен жастарға есірткінің нақты зардабын түсіндіру, күмәнді ұсыныстарды ажырата білуге үйрету және бос уақытын тиімді ұйымдастыру – профилактиканың маңызды бағыттары.

Есірткі қылмысына қарсы күрестің ең тиімді жолдарының бірі – қылмыс жасалғаннан кейін әрекет ету емес, оның алдын алу.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ