Перейти к содержимому

Жолдағы бір секунд – тағдырыңды шешеді

27 қаралым

Көлік қозғалысында кейде бір ғана секундтың өзі шешуші мәнге ие. Жүргізушінің назарын телефонға бұруы, жылдамдықты шамадан тыс арттыруы немесе жол белгісін елемеуі ауыр жағдайға әкелуі мүмкін.

Жол қауіпсіздігі – тек жүргізушілерге қатысты мәселе емес. Жаяу жүргінші, велосипедші, жолаушы да ортақ қауіпсіздікке жауапты.

Жолдағы тәртіп ең алдымен адамның өз өміріне деген құрметінен басталады. Белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпеу, көлік жүргізу кезінде телефон қолданбау, қауіпсіздік белдігін тағу сияқты қарапайым талаптар адам өмірін сақтауға көмектеседі.

Жүргізушінің рөлге отырған сәттегі жауапкершілігі тек өзіне ғана қатысты емес. Оның әрекеті көліктегі жолаушылардың, басқа жүргізушілердің және жаяу жүргіншілердің өміріне әсер етеді. Сондықтан жолдағы мәдениет – ережені жатқа білуден емес, оны әр сәтте сақтаудан көрінеді.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ