Жамбыл ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дағдарыстық жағдайлар кезінде мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмі және ауданның көші-қон ахуалы мәселелері қаралды.
Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша құзырлы орган өкілдері тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді. Отырыста берілген тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынды. Аудан әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның отырысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті Жамбыл аудандық бөлімшесінің ұсынысымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысқан азаматтар марапатталды.
Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы
