Жамбыл ауданының Ақтерек ауылдық округінде Қоғамдық келісім және даму орталығының аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» жобасы аясында «Бейбіт шешім – берекелі қоғам» тақырыбында ауыл тұрғындарымен семинар өтті. Шараға Қоғамдық келісім және даму орталығының аудандық бөлімінің аға сарапшысы Ақан Саметов, Ақтерек ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жұмабек Керімқұлұлы және Ақсеңгір ауылдық округінің Аналар кеңесінің төрағасы, қоғамдық медиатор Майра Байжұмақызы қатысты.
Жиын барысында қатысушыларға медиацияның қоғамдағы рөлі, дау-дамайларды бейбіт жолмен шешу тетіктері, қоғамдық келісім мен өзара түсіністікті нығайтудың маңыздылығы туралы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар заң және тәртіп қағидаттарын сақтау, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды. Семинар соңында ауыл тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спикерлер тарапынан жан-жақты жауап берілді. Шараның мақсаты – медиация институтын насихаттау, құқықтық мәдениетті арттыру, дау-дамайларды бейбіт жолмен шешу тәжірибесін дамыту және қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайту.
Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы
