Перейти к содержимому

Құқықтық сауат – заман талабы

32 қаралым

Қазіргі қоғамда құқықтық сауаттылықтың маңызы бұрынғыдан да артып отыр. Өйткені ақпарат ағыны күшейген заманда азамат өз құқығын ғана емес, өз міндетін де білуі тиіс.

         Құқығын білмеген адам түрлі жағдайларда өз мүддесін қорғай алмауы мүмкін. Ал міндетін білмеген азамат қоғам алдындағы жауапкершілігін толық сезіне алмайды. Сондықтан халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу – аса маңызды бағыт.

Құқықтық сауаттылық дегеніміз – заң баптарын жаттап алу емес. Ол – күнделікті өмірде заң талаптарын дұрыс түсініп, соған сәйкес әрекет ету мәдениеті. Мәселен, жол қозғалысы ережесін сақтау, қоғамдық орындарда тәртіп бұзбау, өзгенің ар-намысына тиетін әрекет жасамау, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау, интернет кеңістігінде жалған ақпарат таратпау, бөтеннің жеке деректеріне қол сұқпау – мұның бәрі құқықтық мәдениеттің көрінісі.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы