-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Мереке қарсаңында спорт кешені ашылды

    20.10.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Идеология, Мәдениет, Мереке, Өңір тынысы, Спорт
    Мереке қарсаңында спорт кешені ашылды
    0
    SHARES
    41
    VIEWS

    Республика күні мерекесі қарсаңында Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында спорт шебері, грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы Қанат Жақсылықов атындағы «Qanat» спорт кешені ашылды. Оған ауыл жастары үшін игі іс тындырған марқұм болған чемпионның туған бауыры Дәулет Жақсылыов пен оның достары және ниеттес ауыл тұрғындары бастамашы болды.

    Көк аспаннан Күн жағымды шуағын төгіп, ашық та тамаша ауа-райы салтанат құрған Тұздыбастау ауылының тұрғындары жаңа спорт кешенінің ашылуына көп жиналды. Ондағы мақсат – жаңа ғимараттың ашылуын тамашалау ғана емес, қуанышты бөліссең көбейеді дегендей, сонымен бірге осы игі іске мұрындық болып, ауылда күрес түрлерінің кеңінен дамуына үлес қосқан азаматтарға өз алғыстарын білдіріп, көпшілікпен бірге жақсы жаңалықтың қуанышын бөлісу.

    Ал бұл ауылдан шыққан даңқты балуандар аз емес. Әртүрлі дейгейдегі республикалық және халықаралық байрақты бәсекелерде жеңімпаз атанып, жүлделі орындарды иеленген Әлихан Көкенов, Самат Тезекбаев, Ілияс Анаят, Қорлан және Бағлан Жақанша, Жасұлан Сыдықов сынды боз кілем дүлдүлдерінің бәрі осы елдімекендегі №31 орта мектептің түлектері. Олардың арасында Азия ойындарының чемпионы, әлем және Еуропа чемпионатының жүлдегерлері, республикалық сайыстардың жеңімпаздары бар. Енді міне болашақта күрес түрлерінен Жақсылық Үшкемпіров, Шәміл Серіков, Дәулет Тұрлыханов сияқты олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының жеңімпаздарын тәрбиелеп шығару мақсатында осы спорт кешені ашылып отыр.

    «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ер көгерер» деген ата дәстүрімізге сай, ауылдың қазыналы қарттары мен кейуана аналары, белсенді азаматтар мен жалынды жастардың басы қосылған жиынды батагөй ақсақал Ауған ата Қыпшақов ашып, жиналған жұртқа батасын берді. Аудан әкімі Танат Айдарбеков құттықтау сөз сөйлеп, бұл оқиғаның тек тұздыбастаулықтар ғана емес, бүкіл аудан жұртшылығы үшін маңыздылығын атап көрсетті.

    – Ауданымыз спортты дамыту жөнінде облыстағы ең үздік аудандардың бірі. Біз тек өз ауданымыз ғана емес, өңіріміздің, бүкіл еліміздің абыройын қорғап, үздіктер қатарынан көрініп келе жатқан мықты спортшылармен мақтануға толық құқымыз бар. Бүгін біз тек жастардың күрес түрлерімен шұғылдануы үшін салынған спорт кешенінің ашылу салтанатына ғана емес, сонымен бірге әйгілі спортшы, грек-рим күресінен спорт шебері, жерлесіміз Қанат Жақсылықовтың жарқын бейнесін еске алу үшін де жиналып отырмыз. Осындай даңқты жерлесіміздің атын иеленген бұл спорт кешені еліміздің намысын қорғайтын талай мықты спортшыларды өсіріп, тәрбиелей беруіне тілектеспін, – деді аудан әкімі.

    Атына спорт кешені ашылып жатқан марқұм Қанат Жақсылықовтың анасы Гүлзира апай бұл кешенге тек бір әулеттің ұлдары, туысқандар ғана емес, бірнеше демеуші, бүкіл ауыл тұрғындары бір кісідей атсалысып, әркім шамасы жеткенше көмек бергенін ерекше атап өтті. Осы тұрғыда бұл жүкті жұмыла көтеріскендері үшін барлығына алғыс айтып, Жақсылықовтар әулеті атынан ризашылығын жеткізді.

    Одан әрі аудан әкімі Танат Айдарбеков пен облыстық мәслихат депутаты Билалдин Ушуров қызыл лентаны қиып, «Qanat» спорт кешені салтанатты түрде ашылды. Шара қатысушылары заман талабына сай биік те жарық, көркем безендірілген кең залы, киініп-шешінетін, жуынатын арнайы бөлмелері, әжетханасына дейін салынған кешенді аралап көрді. Ақ самайлы аналарымыз шашу шашты. Салтанатты шара соңында кең дастархан жайылып, марқұм Қанат Жақсылықовтың рухына құран бағышталды.

    – Кешенді ашудағы басты мақсат – ауыл жастары арасынан грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресінен болашақ олимпиада және әлем чемпиондарын шығару. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Бастаманы мен көтерсем де, оны бүкіл ауыл болып қолдады. Өйткені, ата-аналардың барлығы балаларының спортпен шұғылданып, жақсы жетістіктерге жеткенін, әлемдік жарыстарда еліміздің намысын қорғап, атын шығарғанын қалайды. Бізді біріктірген де осы ортақ мақсат, – дейді Азия ойындарының чемпионы Дәулет Жақсылықов.

    Құтмағамбет Қонысбай,
    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Жаңа банкнот айналымға шығады

    Жаңа банкнот айналымға шығады

    2 months ago
    Қонаевта қысқы дрифт шоу өтті

    Қонаевта қысқы дрифт шоу өтті

    4 months ago
    Келешегі зор кәсіпкерлік

    Келешегі зор кәсіпкерлік

    1 year ago
    Былтыр 1414-ке 30 миллионнан астам қоңырау түсті

    1414 қызметі халықаралық деңгейде үздік деп танылды

    1 year ago
    «Мобильді ХҚО» қосымшасы арқылы ЭЦҚ және басқа да жиі сұралатын қызметтерді алуға болады

    «Мобильді ХҚО» қосымшасы арқылы ЭЦҚ және басқа да жиі сұралатын қызметтерді алуға болады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.