Перейти к содержимому

Заңды білу – өзіңді қорғау

37 қаралым

Өз құқығын білетін адам заңсыз әрекеттерге қарсы тұра алады. Заңды білу азаматқа қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Құқықтық сауаттылық әсіресе жастар арасында жоғары болуы қажет. Алаяқтық, зорлық-зомбылық немесе басқа да құқық бұзушылыққа тап болған жағдайда қайда жүгіну керектігін әркім білуі тиіс. Заң талаптарын сақтау өзгенің құқығын құрметтеуден басталады. Құқықтық мәдениеті жоғары қоғамда тәртіп те берік болады. Сондықтан заңды білу – тек құқық қорғау органдарының емес, барша азаматтың қажеттілігі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ