Перейти к содержимому

Жастарды есірткіден қорғайық!

31 қаралым

Жасөспірім кезеңінде адамның қоршаған ортасы мен достарының ықпалы ерекше болады. Сондықтан жастарға есірткінің шынайы зардабын түсіндіру – маңызды профилактикалық бағыт. Бір сәттік қызығушылық адамның бүкіл өміріне әсер ететін тәуелділікке әкелуі мүмкін. Ата-ана баласының кіммен араласатынына және бос уақытын қалай өткізетініне көңіл бөлуі қажет. Мектептерде құқықтық және профилактикалық түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу де маңызды. Спорт пен шығармашылық жастарды пайдалы ортаға біріктіреді. Жастарды қорғау – болашақты қорғау.

Алтынай СЕЙІТКЕН