Перейти к содержимому

Балалар қауіпсіздігі – назарда!

35 қаралым

Баланың қауіпсіздігі – ата-ана мен қоғам үшін ең маңызды міндеттердің бірі. Балаларға көшеде, мектепте, қоғамдық көлікте және интернетте өзін қорғау ережелерін үйрету қажет. Жолдан өту кезінде бағдаршам мен жаяу жүргіншілер өткелін пайдалану әдетке айналуы тиіс. Ата-аналар баласының қауіпсіздігіне үнемі назар аударып отырғаны жөн. Сонымен қатар мектептерде құқықтық және қауіпсіздік сабақтарын жүйелі түрде өткізу маңызды. Баланың кез келген мәселені ата-анасына еркін айта алатын сенімді орта қалыптастыру қажет. Қауіпсіз балалық шақ – жарқын болашақтың негізі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ