Есірткі саудасы қоғамның қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіреді. Онымен күресте құқық қорғау органдарымен қатар қарапайым азаматтардың да қырағылығы қажет. Жастарды есірткі таратушылардың арбауына түсірмеу үшін ақпараттық түсіндіру жұмыстары маңызды. Әлеуметтік желілердегі күмәнді ұсыныстарға сенбеу және заңсыз әрекеттерге араласпау керек. Есірткіге қатысты кез келген күдікті ақпаратты тиісті органдарға жеткізу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Қоғамның бірлескен әрекеті есірткі қылмысының таралуын тежеуге мүмкіндік береді. Есірткісіз орта қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.
Ерзат АСЫЛ