Отбасындағы кез келген мәселені күш қолдану арқылы шешуге болмайды. Өзара сөйлесу, түсінісу және сабыр сақтау көптеген жанжалдың алдын алады. Ерлі-зайыптылар бір-бірінің пікірін құрметтеп, балалардың көзінше жанжал шығармауға тырысқаны жөн. Отбасындағы психологиялық ахуал баланың мінез-құлқына тікелей әсер етеді. Қиындық туындаған кезде мамандардың көмегіне жүгіну әлсіздік емес, керісінше жауапкершілік. Зорлық-зомбылықсыз орта қалыптастыру әр отбасының өз қолында. Берекелі шаңырақтың негізі – сыйластық пен сенім.
Ерзат АСЫЛ