Перейти к содержимому

Ережені сақтау – өмірді сақтау

25 қаралым

Көп жағдайда жол-көлік оқиғалары қарапайым ережелерді сақтамаудан орын алады. Жылдамдықты белгіленген шектен асырмау, қауіпсіздік белдігін тағу және жол белгілеріне бағыну – міндетті талаптар. Жүргізуші жол жағдайын үнемі бақылауда ұстауы қажет. Жаяу жүргінші де жолдағы қауіпсіздік ережелерін білуге тиіс. Әсіресе балалар мен қарт адамдарға жолдан өту кезінде ерекше сақтық қажет. Жолдағы әрбір дұрыс әрекет адам өмірін сақтап қалуы мүмкін. Сондықтан ережені сақтау – формальды талап емес, өмірлік қажеттілік.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ