Конституциялық өзгерістер мемлекеттің құқықтық дамуы үшін маңызды кезең болып табылады. Әр азамат жаңа нормалардың мазмұнын түсініп, олардың қоғам өміріндегі маңызын білуі қажет. Конституция құқықтармен бірге азаматтық жауапкершілікті де айқындайды. Құқықтық сауатты азамат өз мүддесін заң шеңберінде қорғай алады. Сонымен бірге ол басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтейді. Конституциялық мәдениет жоғары болған сайын қоғамдағы заңға деген сенім де нығаяды. Сондықтан жаңа Конституцияны түсіну – әр азамат үшін маңызды.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ