Қоғамдағы тұрақтылық пен ел тыныштығы заң мен тәртіпке байланысты. Әр азамат заң талаптарын сақтап, өз құқығы мен міндетін жақсы білгенде ғана ортақ ортада өзара сыйластық пен жауапкершілік қалыптасады. Осы бағыттағы жұмыстар Кетпен ауылында да тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
31 тамыз күні Кетпен ауылында жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы Асел Исаеваның ұйымдастыруымен тұрғындар арасында «Заң және тәртіп» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауатын арттырып, заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіру, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Түсіндіру барысында тұрғындарға заңды құрметтеу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және заң алдындағы жауапкершілік жөнінде мағлұмат берілді. Сонымен қатар әр азаматтың өз құқығын біліп қана қоймай, өзгенің де құқығы мен еркіндігін құрметтеуі қажеттігі айтылды.
Заң мен тәртіп – қоғамның тыныштығын қамтамасыз ететін басты құндылықтардың бірі. Оны сақтау әр азаматтың күнделікті өмірдегі жауапкершілігінен басталады. Сондықтан заңды құрметтеп, тәртіпті сақтау – баршаға ортақ міндет.
Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ
Ұйғыр ауданы