Перейти к содержимому

Балқаштықтар сенбілікке шықты

25 қаралым

Балқаш ауданының орталығы Бақанас ауылында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстары Сейфуллин көшесінде жүргізілді. Сенбілікке мекеме-ұйым қызметкерлері, ауыл тұрғындары, белсенді жастар мен еріктілер қатысып, көшедегі аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Табиғатты аялау тазалық сақтаудан басталады. Балқаштық тұрғындар тазалық жұмыстарына жұмыла кірісіп, сенбілікке белсене атсалысты.

Алтынай СЕЙІТКЕН