Балқаш аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Азат Құтпанбетовтың төрағалығымен «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында кезекті аппараттық жиын өтті. Жиында аудан аумағындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстардың нәтижелері қаралды. Сонымен қатар, жауапты сала басшылары күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Жиын соңында аудан әкімі тиісті сала басшыларына берілген тапсырмалардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті нығайту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.
Алтынай СЕЙІТКЕН