Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Таза Қазақстан» таза ортадан басталады

«Таза Қазақстан» таза ортадан басталады

23 қаралым

Тазалықты сақтау – тек сенбілік кезінде атқарылатын жұмыс емес, әр азаматтың күнделікті әдетіне айналуы тиіс. Көшеге қоқыс тастамау, табиғатты ластамау, жасыл желекті қорғау сияқты қарапайым әрекеттер қоршаған ортаның тазалығына үлкен үлес қосады.
Бүгінде «Таза Қазақстан» аясындағы жұмыстарға тұрғындармен қатар еріктілер, жастар, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлер де белсенді қатысып келеді. 2026 жылы ел бойынша жүздеген экологиялық іс-шара өткізіліп, мыңдаған тонна қалдық жиналып, аумақтар тазартылуда.
Таза әрі көрікті елді мекен қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Өйткені табиғатты қорғау – бүгінгі күннің ғана емес, келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Таза Қазақстан – таза ортадан, ал таза орта әрқайсымыздың өзімізден басталады.

Алтынай СЕЙІТКЕН