Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ҚОНАЕВТА ДЕМАЛУШЫЛАР САНЫ БОЙЫНША РЕКОРД ЖАҢАРДЫ: ЖАЗДА ҚАЛАҒА 2 МЛН АДАМ КЕЛДІ

ҚОНАЕВТА ДЕМАЛУШЫЛАР САНЫ БОЙЫНША РЕКОРД ЖАҢАРДЫ: ЖАЗДА ҚАЛАҒА 2 МЛН АДАМ КЕЛДІ

14 қаралым

Қонаев қаласында биылғы шомылу маусымы рекордтық көрсеткішпен қорытындыланды. Қаладағы спорт және туризм бөлімінің мәліметінше, жаздың үш айында Қапшағай су қоймасына демалуға 2 млн адам келген.

Жаз бойы қала жағажайларын жаңғырту, инфрақұрылымды жақсарту және қауіпсіздікті күшейту бағытында бірқатар жұмыс атқарылды.