Перейти к содержимому

Заңды құрметтеу – елдіктің белгісі

25 қаралым

Заң мен тәртіп – тұрақты әрі қауіпсіз қоғамның басты негізі. Заңды сақтау тек құқық қорғау органдарының емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Көшеде тәртіп сақтау, өзгенің құқығына құрметпен қарау, қоғамдық орындарда белгіленген талаптарды орындау – құқықтық мәдениеттің көрінісі. Заң алдында барша азаматтың тең болуы әділетті қоғам қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан әр адам өз құқығын ғана емес, өз міндетін де білуі қажет. Заңды құрметтеу – өзіңді де, айналаңдағы адамдарды да құрметтеу деген сөз.

Алтынай СЕЙІТКЕН