Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына ғана емес, отбасылық және қоғамдық жағдайға да кері әсер етеді. Ішімдік салдарынан жанжал, жол-көлік оқиғасы және басқа да құқықбұзушылықтар орын алуы мүмкін. Сондықтан салауатты өмір салтын насихаттау – «Заң мен тәртіп» қағидатының маңызды бағыттарының бірі. Ішімдіксіз орта қалыптастыруда отбасы мен ауылдық қауымдастықтың рөлі зор. Жастарды спортқа, еңбекке және шығармашылыққа баулу – теріс әдеттердің алдын алудың тиімді жолы. Салауатты ауыл – қауіпсіз ауыл.
Алтынай СЕЙІТКЕН