Перейти к содержимому

Жолдағы тәртіп – өмір қауіпсіздігі

24 қаралым

Жол қозғалысы ережесін сақтау – ең алдымен адам өмірін қорғау. Жүргізушінің жылдамдықты шамадан тыс арттыруы немесе жол белгілеріне бағынбауы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Жаяу жүргінші де жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпеуі тиіс. Әрбір жол қозғалысына қатысушы өз әрекетінің салдарын түсінуі қажет. Бір ғана жауапсыз шешім адамның өмірін өзгертуі мүмкін. Сондықтан жолдағы тәртіпті сақтау – заң талабы ғана емес, азаматтық жауапкершілік.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ