Перейти к содержимому

Буллингке бірге қарсы тұрайық

25 қаралым

Буллинг – баланың психологиялық жағдайына кері әсер ететін күрделі мәселе. Мектептегі мазақтау, қорқыту немесе күш көрсетуге ешқашан қалыпты жағдай ретінде қарауға болмайды. Мұндай жағдайда ата-ана, мұғалім және бала арасында ашық байланыс болуы қажет. Баланың шағымын тыңдап, мәселені уақытында шешу маңызды. Құрдастар арасындағы өзара сыйластық пен мейірімділік қауіпсіз орта қалыптастырады. Әр бала өзін қорғалған әрі құрметтелген сезінуге тиіс.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ