Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қоғамдық орында мәдениет сақтау маңызды

Қоғамдық орында мәдениет сақтау маңызды

8 қаралым

Қоғамдық орын – баршаға ортақ кеңістік. Сондықтан көшеде, саябақта, аялдамада және басқа да орындарда тәртіп сақтау әр азаматқа міндет. Қоршаған ортаға қоқыс тастау, адамдардың тыныштығын бұзу немесе қоғамдық мүлікке зиян келтіру – жауапсыздықтың көрінісі. Әр адамның мәдениеті оның қоғамдық ортадағы мінез-құлқынан байқалады. Қарапайым ережелерді сақтау қоғамдағы өзара құрметті арттырады. Тәртіпті қоғам – мәдениетті азаматтардан құралады.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ