Отбасындағы кез келген мәселе күш қолдану арқылы шешілмеуі керек. Тұрмыстық жанжалдың алдын алу үшін өзара түсіністік пен сабырлы қарым-қатынас қажет. Агрессия белгілерін ерте байқап, тиісті көмекке жүгіну маңызды. Жақын адамның қиын жағдайын елемей қою да мәселені күрделендіруі мүмкін. Отбасындағы сыйластық балалардың тәрбиесіне де оң ықпал етеді. Зорлыққа жол бермеу – әр адамның адамгершілік және азаматтық міндеті.
Құралбек СӘБИТОВ