Перейти к содержимому

Жаяу жүргінші де жауапты

9 қаралым

Жол қауіпсіздігіне тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де жауапты. Жолды белгіленген жерден кесіп өту және бағдаршам талаптарын орындау қажет. Құлаққап тағып немесе телефонға қарап жолдан өту қауіпті. Балаларға жолдағы қауіпсіздік ережесін үнемі түсіндіріп отырған жөн. Әрбір жол қозғалысына қатысушы өз әрекетіне жауапты екенін түсінуі керек. Жолдағы тәртіп баршаға ортақ болғанда ғана қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.

Ерзат АСЫЛ