Перейти к содержимому

ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

43 қаралым

Жаңа оқу жылының басталуына орай Шелек өңіріндегі білім беру ұйымдарына Шелек полиция бөлімінің басшы құрамы мен жеке құрамы арнайы барып, оқушылармен кездесулер өткізді. Іс-шаралар «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау және жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті құрметтеу, өздерінің құқықтары мен міндеттерін білу, сондай-ақ түрлі құқықбұзушылықтарға жол бермеудің маңызы түсіндірілді.

Сонымен қатар оқушыларға интернеттегі алаяқтық фактілерінен сақтану, күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу және әлеуметтік желілерде қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде маңызды ақпараттар айтылды.

Полиция қызметкерлері есірткінің адам денсаулығы мен болашағына тигізетін зиянына да ерекше тоқталып, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Есірткі заттарын тарату мен қолданудың заң алдындағы жауапкершілігі түсіндірілді.

Жиын барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен құқықтық сипаттағы жауаптар алды.

«Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі. Жас ұрпақтың құқықтық сауатты әрі жауапты азамат болып қалыптасуы – баршамызға ортақ міндет» деген полиция қызметкерлері мектептегі мұндай кездесулерді алдағы уақытта да өткізіп тұратындарын айтты.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Еңбекшіқазақ ауданы