Перейти к содержимому

Заң үстемдігі – әділетті қоғам кепілі

8 қаралым

Әділетті қоғам құрудың негізгі шарттарының бірі – заңның баршаға бірдей болуы. Заң талаптары азаматтың мәртебесіне немесе қызметіне қарамастан сақталуы тиіс. Әр адам өз құқығы қорғалатынына сенімді болған кезде қоғамдағы тұрақтылық та нығаяды. Сонымен қатар құқықпен бірге жауапкершіліктің де қатар жүретінін ұмытпау қажет. Заңды бұзған адам өз әрекетінің салдарын түсініп, белгіленген тәртіп бойынша жауап беруі тиіс. Әділдік пен заңдылық қоғамдық сенімнің негізін қалыптастырады. Сондықтан заң үстемдігін сақтау – мемлекеттің ғана емес, әр азаматтың ортақ міндеті.

Ерзат АСЫЛ