Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Құнды дүниені қорғаудың қарапайым жолдары

Құнды дүниені қорғаудың қарапайым жолдары

5 қаралым

Мүліктің жоғалуы адамға материалдық жағынан ғана емес, моральдық тұрғыдан да салмақ түсіреді. Сондықтан үйдегі және көліктегі заттардың қауіпсіздігіне алдын ала көңіл бөлген жөн. Үйден шығар алдында есіктер мен терезелерді тексеру әдетке айналуы керек. Көлікте бағалы заттарды қалдырмау да ұрлықтың алдын алуға көмектеседі. Кілттерді бөтен адамдарға беруге немесе қолжетімді жерде қалдыруға болмайды. Үйге орнатылған бейнебақылау жүйесі күдікті әрекеттерді бақылауға мүмкіндік береді. Ұзақ уақытқа кететін жағдайда тұрғын үйдің бос қалғанын көпшілікке жарияламаған дұрыс. Құжаттар мен бағалы заттарды сенімді орында сақтау қажет. Мүлік жоғалған кезде уақытты жоғалтпай, құқық қорғау органдарына хабарласқан жөн. Қауіпсіздікке алдын ала көңіл бөлу кейінгі қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ