Перейти к содержимому

Ақшаға қатысты ақпаратты тексеріңіз

4 қаралым

Қаржылық алаяқтықтың кең таралуы азаматтардың жеке мәліметтеріне мұқият болуын талап етеді. Алаяқтар адамдарды алдау үшін банк, полиция немесе басқа да ресми ұйымдардың атауын пайдалануы мүмкін. Телефон арқылы сөйлескен кезде адамның жеке деректерін анықтауға тырысатындарға сенуге болмайды. Банк картасының құпия мәліметтері ешкімге берілмеуі тиіс. SMS арқылы келген кодты да бөгде адамға айту қауіпті. Интернетте ақша салуды ұсынатын жобалардың қызметін алдын ала зерттеу қажет. Әсіресе қысқа уақытта жоғары табысқа кепілдік беретін ұсыныстарға сақ болған жөн. Қаржы пирамидасында жаңа адамдарды тарту негізгі табыс көзі ретінде қарастырылуы мүмкін. Күмәнді ұсыныс алған адам ақпаратты ресми дереккөздерден тексергені дұрыс. Ақшаға қатысты сауатты шешім қабылдау алаяқтардың әрекетінен қорғануға көмектеседі.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ