Перейти к содержимому

Қауіптің алдын алу ерте басталады

7 қаралым

    Есірткінің таралуына қарсы күресте жазалау шараларымен бірге алдын алу жұмыстарының да орны ерекше. Жастарға есірткінің адам денсаулығына келтіретін зиянын түсіндіру тұрақты жүргізілуі қажет. Қазіргі уақытта қауіпті ұсыныстар интернет арқылы да таралуы мүмкін. Әлеуметтік желідегі белгісіз адамдардың «жұмыс» немесе «оңай табыс» туралы ұсыныстарына сену қауіпті. Заңсыз әрекетке байқамай араласқан адамның өзі жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сондықтан күмәнді тапсырмаларды орындамас бұрын олардың заңдылығын анықтаған жөн. Ата-аналар баласының араласатын ортасына және интернеттегі белсенділігіне назар аударуы қажет. Жастардың спортқа, білімге және шығармашылыққа қызығушылығын арттыру да маңызды. Қауіптің алғашқы белгілерін дер кезінде байқау үлкен мәселенің алдын алады. Есірткісіз орта қалыптастыру ақпараттандыру мен дұрыс тәрбиеден басталады.

    Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ