Тазалық – әр адамның күнделікті өмірінен басталатын үлкен мәдениет. Қоршаған ортаны қорғау, туған жерді таза ұстау және табиғатқа жанашырлықпен қарау – баршаға ортақ міндет.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылдық округінде «Таза ауыл – таза болашақ» акциясы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстары Орталық саябақта жүргізіліп, аумақ қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді.
– Бұл ретте тазалық жұмыстарына жастардың белсенді араласуы қуантады. Жастардың сенбіліктерге, көгалдандыру шараларына және түрлі экологиялық бастамаларға қатысуы олардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырады. Сонымен бірге мұндай шаралар жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін күшейтіп, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуына мүмкіндік береді»,– дейді шараны ұйымдастырушылар.
Ермұрат МҰҚЫРБАЙ
Еңбекшіқазақ ауданы