Перейти к содержимому

Тазалық босағадан басталады

55 қаралым

Туған жердің тазалығы мен көркейуі –  әрбір тұрғынның ортақ міндеті.

Осы орайда, Кеген ауданы Бөлексаз ауылының тұрғындары «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында әр бейсенбі сайын аумақтарды қоқыстан тазартып келеді.

Кезекті шарада тұрғындар әдеттегідей игі істі жалғастырып, өз жауапкершіліктеріне алған учаскелерде тазалық жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, ауыл ішіндегі орталық көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, артық шөптер шабылды. Әкімшілік және әлеуметтік нысандардың айналасы көгалдандырылып, көркейтілді.

–  Біз тұрғындарымызды қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысуға шақырамыз және әрбір адамның үлесі біздің еліміздің болашағын анықтайды деп сенеміз. Табиғатты қорғау –  ортақ міндетіміз, сондықтан да бұл акцияға қатысу –  әрқайсымыздың борышымыз,–  деді Бөлексаз ауылдық округінің әкімі Серік Құныпияев.

–  Өз ауылымыздың тазалығына бейжай қарамай, белсене қатысқан барша тұрғындарға, мекеме қызметкерлеріне және жастарға алғыс білдіреміз!–  деген әкімдік маманы Талшын Ермекқызы мұндай тазарту жұмыстары әр бейсенбі сайын жүргізелетіндігін атап өтті.

Тазалық босағадан басталады. Туған ауылымызды таза ұстайық!

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы