Перейти к содержимому

Алаяқтың айласынан сақтан!

35 қаралым

Телефон мен интернеттегі алаяқтықтан зардап шегетіндердің арасында түрлі жастағы азаматтар бар. Қылмыскерлер адамның сеніміне кіру үшін ресми мекемелердің атын пайдалануды жақсы меңгерген. Олар көбіне күтпеген мәселе туындағанын айтып, адамды абыржытып жібереді. Осындай кезде асығыс әрекет жасамай, ақпараттың рас-өтірігін тексеру керек. Ешбір жағдайда банк картасының құпия деректерін бейтаныс адамға айтуға болмайды. SMS арқылы келген кодты беру де ақшаңызды жоғалтуға себеп болуы мүмкін. Әлеуметтік желідегі инвестициялық жобалардың барлығы бірдей заңды бола бермейді. Жоғары пайдаға кепілдік беретін ұсыныстарға ерекше мұқият болған жөн. Қаржы пирамидасына ұқсайтын жобаларда адамдарды жаңа қатысушылар тартуға ынталандыру жиі кездеседі. Қаржылық қауіпсіздік үшін кез келген ұсынысты тексеріп барып шешім қабылдау қажет.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ