Перейти к содержимому

Есірткі – жастарға төнген қауіп

34 қаралым

Есірткіге қарсы күресте жастар арасындағы профилактикалық жұмыстың маңызы ерекше. Жасөспірімдер кейде заңсыз әрекеттің салдарын толық түсінбей, бөгде адамның ықпалына түсіп қалуы мүмкін. Қазіргі таңда мұндай тарту тәсілдері интернет арқылы да жүзеге асырылуы ықтимал. Күмәнді парақшаларда жоғары табыс ұсынатын заңсыз жұмыстар туралы хабарландырулар кездеседі. Оның соңы есірткі тасымалдауға немесе таратуға қатысуға әкелуі мүмкін. Сондықтан бейтаныс адамның ұсынысын қабылдамас бұрын оның мақсатын анықтаған жөн. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру да алдын алу жұмыстарының бір бөлігі. Спорттық үйірмелер мен шығармашылық орта баланың қызығушылығын пайдалы бағытқа бұра алады. Ата-аналар баласымен есірткі мен оның зардабы туралы ашық сөйлесуден қашпауы керек. Жас ұрпақты есірткіден қорғау – бүгінгі күннің ғана емес, болашақтың да маңызды міндеті.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ