Перейти к содержимому

Мал-мүлікке мұқият болған жөн

28 қаралым

Үйден ұзақ уақытқа кетерде есік пен терезенің жабық тұрғанын тексеру – қарапайым сақтықтың бірі. Алайда кейде адамдар құнды заттарын көзге көрінетін жерде қалдырып, ұрлыққа жағдай жасап жатады. Ауладағы велосипед, құрылыс құралдары немесе басқа да бағалы дүниелер қараусыз қалмауы тиіс. Көлік ішінде сөмке, телефон сияқты заттарды қалдыру да ұрылардың назарын аударуы мүмкін. Ауылдық жерлерде малдың жайылымға шығуы мен қайтуын бақылаудың да өзіндік маңызы бар. Құжаттар мен банк карталарын бөтен адамның қолына беруге болмайды. Үйге бөгде адам кіргізген жағдайда оның мақсатын анықтап алған дұрыс. Күмәнді әрекет байқалса, мәселені өз бетімен шешуге тырыспай, тиісті органдарға хабарлаған жөн. Мүлікті қорғаудың ең тиімді жолы – қауіптің алдын ала ойластырылғаны. Сақтыққа жұмсалған бірнеше минут кейінгі үлкен шығынның алдын алуы мүмкін.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ