-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Халық сенімі бәрінен қымбат

    09.11.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Сайлау, Саясат
    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Балқаш ауданына барды. Әкімдіктің мәжіліс залында аудан активімен кездесу өткізді. Жиынды ашқан облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай облысымызда тұңғыш рет 5 қарашада Балқаш және Жамбыл аудандары әкімдерінің сайлауы өткенін жеткізді. Бұл қоғамды демократияландыру, өңірдегі атқарушы биліктің маңыздылығын арттыру, жергілікті басқаруға оң серпін беруге негізделген іс-шара екенін атап өтті.

    Бұдан соң жуырда өткен тұрғындардың дауыс беруі негізінде әкімді сайлау қорытындысын жариялау үшін сөз Балқаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Марат
    Ноғайбаевқа берілді.

    – Сайлаушылар тізіміне 18452 азамат енгізілді. Дауыс беруге 11407, үй-жайлардан 189 сайлаушы қатысты. Балқаш ауданы әкімі лауазымына 3 үміткер бақ сынады. Сайлау қорытындысы
    бойынша сайлаушылардың 784-і, яғни, 7 пайызы Ғалым Нарбаевқа, 444-і немесе 4 пайызы Ақшабай Нұрқановқа дауыс берді. Ал Азат Құтпанбетовті 9779 тұрғын қолдап, нәтижесінде 87,6 пайыз дауыс жинады. Азат Үкітайұлы бұған дейін Балқаш ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарып келген. Осындағы ел-жұрттың жайын жақсы біледі, – деген М. Ноғайбаев жаңа сайланған әкімге қызметтік куәлік тапсырды.

    Келесі кезекте сөз алған Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов сайлауға ««AMANAT» партиясы атынан түскенін, халық сенімі үлкен аманат екенін, ол аманатқа қиянат жасамайтынын, осы уақытқа дейін жинаған бар білімі мен тәжірибесін, күш-жігерін ауданның өсіпөркендеуіне жұмсайтынын жеткізді.

    «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғожаев та сөз алып:
    – Аудан әкімін сайлаудың пилоттық жобасына өз үміткерімізді қоса отырып, сайлау алдында тұрғындармен бірнеше рет жүздесіп, шалғай ауылдарда кездесулер өткізіп, насихат жұмысын
    жүргіздік. Соның нәтижесі болар, партия атынан сайлауға түскен Азат Құтпанбетов көпшіліктің басым дауысымен аудан әкімі болып сайланды. Алдағы уақытта жаңа әкім Мемлекет басшысының тапсырмалары мен партияның алға қойған мақсаттарын жүзеге асырады, халық сенімін ақтайды деп ойлаймыз. Қолдап, дауыс бергендеріңіз үшін партияның атынан үлкен
    алғыс айтамын, – деді.

    Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Ысқабаев болса, ел Президенті әділетті, халықтың үнін еститін мемлекет құрамын деп уәде еткенін, бүгінгі сайлау соның бір
    дәлелі екенін айта келе, 2021 жылдан ауыл әкімдерін сайлау басталғанын, бұл ретте ауыл әкімдерінің 60 пайызы сайланғанын, ендігі кезекте аудан әкімдерін сайлау жүзеге асып
    жатқанын жеткізіп, жаңа сайланған басшыға үлкен сенім артты.

    Актив жиынын қорытындылаған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Балқаш ауданының даму мүмкіндігі зор, алайда өңірде шешімін таппай тұрған мәселелердің көп екенін алға тартты.

    – Көгілдір отынды ауданға жеткізіп бердік. Оны ары қарай ауылдарға тарту, үйлерге қосу міндеті тұр. Автомобиль жолдары, ирригация, ауызсу, интернетке қатысты мәселелер бар. Ары
    қарай осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет. Аудан әкімі болып сайланып отырған Азат Үкітайұлы осы өңірдің тумасы, осында талай жыл жұмыс істеп келеді, ауылдың жайын, әлеуметтік, басқа да проблемасын жақсы біледі. Бірлік болса, шешілмейтін тірлік жоқ. Баршаңызды жаңа аудан әкіміне қолдау көрсетіп, бірлесе жұмыс істеуге шақырамын, – деді
    облыс басшысы.

    Алма Есенбай,
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Қаламгерге құрмет

    Қаламгерге құрмет

    7 months ago
    Ұлттық қордан әр балаға қаражат аударудың шарттары әзірленді

    Ұлттық қордан әр балаға қаражат аударудың шарттары әзірленді

    2 years ago
    Қонаевта заңсыз ағаш кескендерге айыппұл салынды

    Қонаевта заңсыз ағаш кескендерге айыппұл салынды

    1 year ago
    Көлсай маңындағы жерлерді пайдаланудың заңдылығын тексеруге шақырды

    Көлсайдағы кәріз мәселесі – қоғам назарында

    1 year ago
    Көне жазудың құпиясын ашқан

    Көне жазудың құпиясын ашқан

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.