Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Жаңа Конституция — әділетті Қазақстанның тірегі

Жаңа Конституция — әділетті Қазақстанның тірегі

51 қаралым

2026 жылдың 1 шілдесінен бастап бүкілхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция өз күшіне енді. Бұл — мемлекетіміздің саяси жүйесін кешенді түрде жаңғыртуға және азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтуге бағытталған тарихи қадам.
Жаңа Ата Заңның негізгі бағыттары мен басты өзгерістері:

  1. Адам құқығы — ең жоғары құндылық. Конституцияның негізгі өзегі — әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту. Мемлекеттік органдардың қызметі азаматтардың мүддесіне қызмет етуге бағытталады.
  2. Бір палаталы Парламент — Құрылтай саяси жүйені қайта жүктеу аясында 145 депутаттан тұратын жаңа бір палаталы Парламент — Құрылтай құрылды. Ол пропорционалды сайлау жүйесі арқылы жасақталып, халық үнінің тікелей және ашық естілуін қамтамасыз етеді.
  3. Әділеттілік, заң және тәртіп Конституция деңгейінде әділеттілік және табиғатқа ұқыпты қарау сияқты маңызды мемлекеттік қағидаттар алғаш рет нақты бекітілді.
  4. Инновация және жастарды қолдау жаңа заң отандық ғылымды дамытуға, инновацияларға жол ашады және жастардың елдің саяси-экономикалық өміріне белсене араласуына құқықтық негіз қалайды.
    Жаңа Конституция — әрбір қазақстандықтың құқығы мен жарқын болашағының кепілі. Заң талаптарын білу, оны құрметтеу және орындау — әділетті Қазақстанның әрбір азаматының міндеті.