Перейти к содержимому

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болыңыз

24 қаралым

Телефон мен интернет күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған сайын, онлайн алаяқтықтың қаупі де артып келеді. Алаяқтар адамдарды алдау үшін банк қызметкері, полиция өкілі немесе белгілі компанияның маманы болып хабарласуы мүмкін. Әдетте олар әңгімені шұғыл жүргізіп, адамның сабырмен ойлануына мүмкіндік бермеуге тырысады. Осындай кезде телефон арқылы келген кодты немесе банк картасының құпия деректерін айтуға болмайды. «Ақшаңызды қауіпсіз шотқа аударыңыз» деген талап та алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін. Интернет-дүкендердегі тым арзан тауарлар мен әлеуметтік желідегі күмәнді ұтыстарға да сақтықпен қараған жөн. Қаржы салуға шақыратын жобаның заңды түрде тіркелгенін алдын ала тексеру қажет. Әсіресе қысқа мерзімде үлкен пайдаға уәде беретін ұсыныстарға сену қауіпті. Күмән туған жағдайда әңгімені тоқтатып, ақпаратты ұйымның ресми арнасы арқылы анықтаған дұрыс. Интернеттегі қауіптен қорғанудың ең тиімді тәсілі – асығыс шешім қабылдамау.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ