Құқықбұзушылықты байқап тұрып үнсіз қалу кейде оның қайталануына мүмкіндік береді. Сондықтан азаматтар заңсыз әрекеттерге бейжай қарамағаны жөн. Күмәнді жағдай байқалса, оны тиісті қызметке хабарлауға болады. Бұл үшін жағдайды өз бетінше шешуге тырысудың қажеті жоқ. Ең бастысы – қауіпсіздік талаптарын сақтау. Құқық қорғау органдары қажетті шараларды қабылдайды. Қоғам мүшелерінің белсенділігі көптеген құқықбұзушылықтың алдын алуға көмектеседі. Әсіресе балалардың қауіпсіздігіне қатысты жағдайларда мұқият болған жөн.
Құралбек СӘБИТҰЛЫ