Перейти к содержимому

Заңды білу – өзіңді қорғау

4 қаралым

Өз құқығын білетін адам заңсыз әрекетке қарсы тұра алады. Қазіргі қоғамда құқықтық сауаттылықтың маңызы бұрынғыдан да артып отыр. Азамат өзінің құқығы бұзылған жағдайда қайда және қалай жүгіну керектігін білуі қажет. Сонымен қатар заңды білу адамның өз міндеттерін дұрыс орындауына жол ашады. Құқықтық мәдениет отбасынан басталып, мектепте және қоғамдық ортада жалғасады. Заңды құрметтеу – өзіңді ғана емес, айналаңдағы адамдарды да қорғаудың тиімді жолы.

Ерзат АСЫЛ