Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына ғана емес, отбасылық және қоғамдық қарым-қатынасқа да кері әсер етеді. Мас күйіндегі азамат көбіне өзінің іс-әрекетін бақылаудан қалып, түрлі құқық бұзушылыққа баруы мүмкін. Сондықтан ішімдіктің алдын алу – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі. Салауатты өмір салтын насихаттау әсіресе жастар арасында тұрақты жүргізілуі қажет. Бос уақытты спортқа, шығармашылыққа және пайдалы іске бағыттау зиянды әдеттерден аулақ болуға көмектеседі. Ішімдіксіз орта – дені сау отбасы мен қауіпсіз қоғамның негізі.
Ерзат АСЫЛ