Отбасы адамға жылулық пен қауіпсіздік сыйлайтын орта болуы керек. Үй ішіндегі зорлық-зомбылық ешқашан «отбасылық мәселе» деп жабық қалмауы тиіс. Зорлыққа үнсіздік таныту жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін. Сондықтан қиын жағдайға тап болған адам көмек сұраудан қорықпауы қажет. Қоғамда өзара сыйластық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудың маңызы зор. Әр бала мен әр отбасы мүшесі өзін қауіпсіз сезінетін орта құру – баршамыздың міндетіміз.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ