Әр бала отбасында мейірім мен қамқорлықта өсуге құқылы. Баланың көзінше болатын жанжал мен күш көрсету оның психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан ата-ана баланың тәрбиесімен қатар оның қауіпсіздігіне де жауапты. Отбасындағы мәселелерді ашық сөйлесу және өзара түсіністік арқылы шешу маңызды. Баланы қорқыту немесе күш көрсету тәрбие әдісі болмауы тиіс. Баланы қорғау – мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ парызы.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ