Алкоголь адам денсаулығына ғана емес, оның отбасылық және қоғамдық өміріне де кері әсер етеді. Ішімдікке тәуелділік адамның еңбекке қабілетін төмендетіп, түрлі құқық бұзушылықтарға себеп болуы мүмкін. Сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыру – әр азаматтың өзіне деген жауапкершілігі. Бос уақытты спортпен, шығармашылықпен және пайдалы істермен өткізу маңызды. Ішімдіксіз орта – дені сау ұрпақ пен берекелі отбасының негізі.
Алтынай СЕЙІТКЕН