Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Түнгі тәртіп — қауіпсіздік кепілі: Алатау қаласында ішімдік сату уақытын шектеу бойынша рейдтер күшейді

Түнгі тәртіп — қауіпсіздік кепілі: Алатау қаласында ішімдік сату уақытын шектеу бойынша рейдтер күшейді

38 қаралым


Алатау қаласында «Заң мен тәртіп» жалпыұлттық қағидатын іске асыру шеңберінде дүкендерде алкоголь өнімдерінің белгіленген уақыттан тыс сатылмауын қадағалайтын ауқымды профилактикалық акция өтуде. Қала әкімдігі, құқық қорғау органдары мен жергілікті белсенділер бірлесе ұйымдастырған бұл шара қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және түнгі уақыттағы құқықбұзушылықтардың алдын алуды көздейді.
Рейдтік іс-шаралар барысында сауда нүктелерінің заң талаптарын қаншалықты сақтап отырғаны жіті тексеріліп жатыр.
Заң талабы қатаң: Шектеу уақыты қандай?
Түнгі уақытта ішімдік сату — отбасылық жанжалдарға, көшедегі төбелестер мен ауыр қылмыстардың белең алуына тікелей әсер ететін фактордың бірі. Осы орайда, Алатау қаласының полицейлері мен әкімдік қызметкерлері кәсіпкерлерге ҚР заңнамасына сәйкес бекітілген мынадай қатаң шектеулерді тағы бір мәрте ескертті.
• Спирті күшті ішімдіктер (30 пайыздан асатын): Кешкі сағат 21:00-ден түскі 12:00-ге дейін сатуға мүлдем тыйым салынады.
• Басқа да алкоголь өнімдері (сыра, шарап және т.б.): Түнгі сағат 23:00-ден таңғы 08:00-ге дейін сөрелерде тұрмауы тиіс.
• Жас ерекшелігі: 21 жасқа толмаған азаматтарға кез келген уақытта ішімдік сату заңсыз болып табылады.

Қалдықыз ЕСЕНБАЕВА

Алатау қаласы