Перейти к содержимому

Көрікті мекеннің келешегі кемел

205 қаралым

Туған жердің тазалығы мен көркеюі – елге деген сүйіспеншіліктің нақты көрінісі. «Таза Қазақстан» аясындағы жұмыстар қоғамдық орындарды абаттандыруға, көшелерді тазартуға және жасыл желекті күтіп-баптауға мүмкіндік береді. Ағаш отырғызу, аумақтарды қоқыстан тазарту және қоршаған ортаны ретке келтіру – болашақ ұрпақ үшін жасалған игі қадам. Мұндай бастамалар тұрғындарды бірлікке шақырып, ортақ іске жұмылдырады. Әрбір тазаланған аула мен абаттандырылған көше елді мекеннің көркін арттырады. Табиғатты қорғау мәдениеті отбасынан басталып, қоғамда жалғасын табуы қажет. Қоршаған ортаға жанашырлық таныту арқылы біз балаларға жақсы үлгі көрсете аламыз.

Туған жерді таза ұстау – бүгінгі ұрпақтың табиғат алдындағы жауапкершілігі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

↑