-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Мәдениет

    Оқушы олжасы

    05.12.2023
    in Мәдениет
    Оқушы олжасы
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    «Мектеп оқушысы кәсіппен айналысып, табыс тауып отыр» дегенді естігенде оған әркімнің сенуі екіталай. Десе де, бұл мүмкін болатын нәрсе екеніне көзіміз жетті. Қарасай ауданына қарасты Береке ауылындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Берік Әжімбай мемлекет қолдауына ие болып, бүгінде ат әбзелдерін дайындау ісімен айналысуда. Жасөспірімнің жеке кәсібімен танысу үшін жақында ол тұратын елдімекенге арнайы барып, өнеріне тәнті болдық.

    Жас шебер әкесінің қасында жүріп атадан қалған қолөнердің қыр-сырын меңгерген. 16 жастағы оқушының кәсіп ашуына «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы ықпал еткен. Соның арқасында қайтарымсыз грант ретінде 1 млн теңге қаржыға қол жеткізіп, отбасылық кәсіпті ілгерілетуге үлес қосқан. Қазіргі таңда Берік шағын шеберханада ер-тоқымнан бастап, жүген, ноқта, үзеңгі сынды ат әбзелдерін жасаумен айналысады.
    – Жоба аясында ұтқан 1 млн теңге қаражат сапалы былғары алуымызға септігін тигізді. Материалдың жақсы болғаны ертоқымды сатып алушылардың да көңілінен шығуда. Тапсырыс та арта түсті, – деп жас кәсіпкер мемлекеттің қолдауын ерекше атап өтті.

    Оның «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасымен танысуына Қарасай аудандық жастар ресурстық орталығы себепкер болғанын айта кету керек. Орталық мамандары мемлекеттің ұтымды бастамаларын аудан көлемінде дәріптеуден қалыс қалған емес.

    Берік Әжібай түске дейін мектепте білім алса, түстен кейін шеберханадағы міндетін орындап, әкесі мен бауырларына көмектеседі. Беріктің ендігі арманы – атасының жолын қуып, осы кәсіпті жоғары деңгейде дамытып, үлкен цех ашу.
    – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында менің атамның атқа қажетті жабдықтарды дайындайтын үлкен цехы болыпты. Мен де атам сияқты бизнесімді одан әрі жетілдіріп, ауқымы кең ғимаратта жұмыс істегім келеді. Сөйтіп, қолөнер саласын көпке таныстырып, оны жан-жақты дамытсам деймін. Бір жағынан, елдің экономикасын арттыруға қосқан үлесім болар еді, – дейді талабы таудай оқушы.

    Қазақтың қолөнерін таныту арқылы табыс тауып отырған ізденімпаз оқушының болашағы жарқын болсын демекпіз. Арманы асқақ балалардың жастайынан еңбекқор болғаны кімді болсын қуантары анық. Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы әлі де жалғасуда. Ресми дерекке сүйенсек, былтыр аталған жобаның аясында Алматы облысында 10 жас кәсіпкер 1 млн теңгеден қаржылай қолдауға ие болған. Қазіргі уақытта олар әр салада өз кәсібімен айналысып, жемісін көруде.

    Дидар Мәлікұлы,
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Нұртас Қиялбеков: Бізде ит асырау мәдениеті төмен

    Нұртас Қиялбеков: Бізде ит асырау мәдениеті төмен

    2 years ago
    Киелі Талхиз өңірінде “Бәйге” федерациясының алқа жиыны өтті

    Киелі Талхиз өңірінде “Бәйге” федерациясының алқа жиыны өтті

    5 months ago
    Аружанның білезігі қауіптен құтқарады

    Аружанның білезігі қауіптен құтқарады

    10 months ago
    Жаңа өндірістердің іске қосылуына әсер етеді

    Жаңа өндірістердің іске қосылуына әсер етеді

    8 months ago
    Алғашқы әкім

    Алғашқы әкім

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.