Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Таза қала таза көшеден ғана тұрмайды

Таза қала таза көшеден ғана тұрмайды

53 қаралым

Тазалық ұғымын тек қоқыспен шектеуге болмайды.

Қаланың тазалығы – оның аулаларынан, саябақтарынан, арықтарынан, көшелерінен, балалар алаңдарынан, қоғамдық кеңістіктерінен көрінеді. Абаттандырылған аула адамның сол жерге деген көзқарасын да өзгертеді. Таза әрі жарық саябақта адамдар көбірек серуендейді. Көгалдандырылған аулада балалар ойнайды.

Күтімі бар қоғамдық орын тұрғындардың ортақ кеңістікке жауапкершілігін арттырады. Сондықтан «Таза Қазақстан» – қоқыс жинау ғана емес, өмір сүретін ортаны жақсарту туралы бастама.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑