Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алматы облысында интернет жылдамдығы артады

Алматы облысында интернет жылдамдығы артады

110 қаралым

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің тапсырмасын орындау аясында «Мемлекеттік радиожиілік қызметі», Өңірлік байланыс инспекциясы және Цифрлық технологиялар басқармасы мамандары бірлескен тексеріс өткізді.

Жұмыс тобы Алматы облысындағы Алатау қаласының Заречный шағынауданында орналасқан түзеу мекемесінің аумағында және оған іргелес орналасқан тұрғын үйлер маңында мобильді байланыс сигналы мен интернет жылдамдығына арнайы жабдықтармен кешенді өлшеу жұмыстарын жүргізді.

Тексеріс қорытындысы бойынша тиісті өлшеу актілері толтырылып, аталған аумақтағы байланыс сапасын оңтайландыру және халықты сапалы интернетпен қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Бірлескен жұмыстар байланыс сапасын арттыруға және тұрғындар үшін тұрақты әрі сапалы интернет қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Алатау қаласы

↑